Қаңтар оқиғасы: 158 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді ескермесек, 1 260 қылмыстық іс бар. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов бұл істер бойынша 158 адам қамауда отырғанын жеткізді.

Алматы, NEGE. «Ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде. Осы күдікті адамдардың кінәсі негізінен қылмыс жасалған орындардан алынған бейнежазбалармен, куәлар мен көзбен көргендердің көрсетпелерімен, сондай-ақ алынған заттай дәлелдемелермен дәлелденеді. Жақын арада қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде және прокурорлардың келісуімен осы қылмыстық істер бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданатын болады», - деді полковник ОКҚ алаңында.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен