Қаңтар қырғыны: Türk Hava Yolları басшысы НЕГЕ қызметінен кетті?
Türk Hava Yolları әуе компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Илькер Айчи Қаңтар оқиғасы кезінде қызметкерлерін Алматыға тастап, әйелі екеуі Түркияға кетіп қалғаны үшін қызметінен босатылды.
Алматы, NEGE. Илькер Айчи қаңтар оқиғасы кезінде әйелі Тугче Саатман Айчи екеуі Алматыда жүрген. 7 қаңтарда Илькер Айчи әйелі екеуі Türk Hava Yolları компаниясының жүк ұшағымен Түркияға қашып, компания қызметкерлерін Алматыға қалдырып кеткен. Түркия азаматтарын, әуе компаниясының қызметкерлерін эвакуациялаған ұшақ тек 11 қаңтарда ғана түрік жеріне қоныпты.
Айчидің өз қызметкерлерін тастап қашқаны Түркияда наразылық тудырды. Осылайша ол 28 қаңтарда отставкаға кеткен.