Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр
27 сәуір күні Алматы қаласында полиция қызметкерлері Сайран көлінің жағасынан Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды анықтады.
Астана, NEGE. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленген. Оның ішінде 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару бар. Сондай-ақ айналымнан төрт мыңнан астам оқ-дәрі алынған.
27-29 сәуір аралығында өткізілген «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңінде 67 дана атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленген.
Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босататынын ескертеді.