2022 жылы Алматыда ауыр қылмыс жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

2022 жылғы Алматыда аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Ресей азаматы Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. 

Видеодан үзінді фото

Астана, NEGE. Ведомствоның хабарлауынша, ол азаматтарды ұрлап, олардың мүлкін күш қолданып тартып алды деген күдікке ілінген.

Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуде жүрген. Ол биыл қыркүйек айында Грузияда ұсталып, Интерполдың Ұлттық орталық бюросы мен Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде елге жеткізілді.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оған мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды