Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымдағы қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бірнеше облыстың аумағында қару жасырылған төрт орынды тапты. Олардың үшеуінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер анықталды. Жаркент қаласының маңында қараусыз қалған ғимаратта Remington 11-87 маркалы тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған).

Жамбыл облысы Бірлесу ауылының шетінде қару жасырылған жер табылды, онда Benelli моделінің тегіс ұңғылы мылтығы (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған), қос ұңғылы аңшы мылтығы, қол гранатасы және төрт патрон тәркіленді. Сонымен қатар Жаңатас қаласының жанында тегіс екі ұңғылы мылтық, газ тапаншасы және үш оқ-дәрі жасырылған орын анықталды.

Алматы облысындағы кенттердің бірінде арықтан әртүрлі калибрлі екі аңшы мылтығы (олардың бірі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған), жарық-шу гранатасы, АК-74 магазині, жеті патрон және қара тактикалық бетперде табылды. Нөмірлері жойылған қару-жарақ пен оқ-дәрілерге қатысты қосымша тексерулер жүргізіледі. Ведомство осы бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыруда.

Соңғы үш жылда жедел іс-шаралардың, тінту мен рейдтердің арқасында 8 119 қару, 845 граната, 114 мыңнан астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді. Сондай-ақ қару жасырылған 738 орын табылды.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»