Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін қашан өтініш жіберу керек?

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

 – Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан ақылы негізде басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады, – делінген хабарламада. 

Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша.

ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ.

Қазір оқып жатыр

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады