Қанша өңір «сары» аймақта тұр?

30 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Алматы, NEGE. «Қызыл» аймақта бір де бір өңір жоқ. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы тұр. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары.