Қанша қазақстандық вакцина салдырды?

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация жасатқандар саны артып келеді, деп хабарлайды  індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Алматы, NEGE. 12 наурыздағы дерекке сәйкес, елімізде коронавирус вакцинасының І компонентін 9 423 576 адам, ІІ компонентін 9 070 228 адам салдырды.

Еске салсақ, 11 наурызда егілгендер бойынша көрсеткіш келесідей болды: І компонентпен - 9 419 678 адам, ІІ компонентпен 9 061 561 адам.

10 наурызда ұсынылған статистика: І компонентті 9 412 038 адам, ІІ компонентті 9 044 438 адам салдырды.