Қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина алды?

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина алғаны жайлы соңғы мәліметті жариялады.

Алматы, NEGE. 2021 жылғы 30 қазанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 291 167 адам салдырған. Ал екпенің екінші компонентін 7 491 227 адам ектірді.