«Канелоның» бауыры Қазақстанға келді
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің туған ағасы Қазақстанға келді, деп хабарлайды Vesti.kz басылымы.
Алматы, NEGE. Ригоберто Альварес Нұр-Сұлтанда өткен "Битва кочевников 2" бокс кешіне қатысқан. Ригоберто Қазақстанға отандасы Бруно Сандоваль (21-5-1, 17 КО) командасымен бірге келгенге ұқсайды. Сандоваль кеш андеркартында қазақстандық Бек Нұрмағанбетке (5-0, 3 КО) есе жіберді.
Қазақстандықтарға жақсы таныс "Канелоның" ағасы Ригоберто елорданың туристік нысандарын аралап, қонақжайлық пен қазақ асханасына жақсы баға берген. Бұны Ригобертоның Instagram-парақшасындағы жазбаларынан байқауға болады.