"Канелоға" қауіп төндіріп тұрған боксшы жеңіліп көрмеген қазақстандықпен жекпе-жекке шығады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Дэвид Моррел (7-0, 6 КО) арасындағы чемпиондық жекпе-жектің жеңімпазы америкалық Дэвид Бенавидеспен (26-0, 23 КО) жекпе-жекке шығуы керек, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстандық пен кубалық боксшылар келісімшартқа қол қойды, оған сәйкес жекпе-жектің жеңімпазы Бенавидеске қарсы титулды қорғайды.

Айта кетейік, Бенавидес екінші орта салмақтағы қауіпті боксшы. Сарапшылардың айтуынша, ол супер орта салмақтағы сөзсіз әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-1-2, 39 КО) қауіп төндіреді.

Еске салайық, 5 қарашада Миннеаполисте (АҚШ) Моррелл WBA титулын қорғау үшін Ербосынұлымен жекпе-жекке шығады. Екі жақтың тарапы бұл жекпе-жекті өткізу үшін бір жыл бойы келіссөз жүргізген.

Ербосынұлы былтыр күзде Астанада гайаналық Леннокс Алленді (22-2-1, 14 КО) нокаутқа түсіргеннен бері рингке шықпаған. Көктемде қазақ боксшысы "Канелоның" спарринг-серіктес ролінде болды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды