«Канело» мен Головкин тапсырған допинг сынаманың нәтижесі шықты

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль Канело Альварестің (58-2-2, 39 КО) үшінші айқастан кейін тапсырған допинг тесттерінің қорытындысы шықты, - деп хабарлады Vesti.kz

Алматы, NEGE. Боксшылар допингке қарсы VADA  ерікті қауымдастығының тестін тапсырған болатын. Қарсыластар трилогия алдында WBC ұйымының «таза бокс» бағдарламасы аясында VADA-мен келісімге қол қойған. 

«Альварес пен Геннадий Головкинді VADA тестінен сәтті өткенімен құттықтаймыз», – деп жазды допингке қарсы ұйым Twitter желісінде. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды