«Канело» Головкинмен жекпе-жек немен бітетінін кесіп айтты

Төрт салмақта әлем чемпионы Сауль 'Канело' Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші айқас төрешілер шешіміне дейін жетпейтініне сенімді, деп хабарлайды 'Чемпионат'.

Алматы, NEGE. Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегаста өтеді.

"Алда бізді тамаша жекпе-жек күтіп тұр. Головкин - қауіпті боксшы, бірақ, мен оны нокаутқа түсірмекпін. Сөзсіз солай болады. Құлшынысым тасып тұр. Рингке оралатын сәтті тағатсыздана күтіп отырмын. 

Әдеттегідей барынша жаттығып жатырмыз және аздаған өзгеріс көрсетеміз. Нокаут - бұл жекпе-жек аяқталатын жалғыз жол", - дейді мексикалық боксшы.