"Канело" Головкинге қатысты мәлімдеме жасады

Мекскикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) қарсы өтетін үшінші кездесуінің алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Бұл сөздер Лос Анджелесте өткен баспасөз-мәслихатында айтылған.

"Бұл жекпе-жек мен үшін жеке бастың ісі. Головкин "Оған қаратып ештеңе деген жоқпын, БАҚ-та ештеңе айтып жүрген жоқпын" деп айтады. Бірақ ол мен туралы көп нәрсе айтып жүр. Бұны өздеріңіз де білесіздер. Мен енді рингке шығатын сәтті асыға күтіп жүрмін. Головкин - екі түрлі адам. Бастапқыда ол өзін жақсы етіп көрсеткенімен, мен туралы талай дүние айтып жүр. Еркек бол және сөзіңе ие бол!" - деді "Канело".  

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды