18 сентября 2022 г. 19:30

Канело Биволдан реванш алуға ниетті

Фото:
Бұл туралы ол Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін айтты

.

Алматы, NEGE. Бокстан екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы Сауль Канело Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан реванш алуға ниетті екенін мәлімдеді, - деп хабарлады Vesti.kz.

«Бұл менің мұрам үшін, мен үшін, мақтанышым үшін, елім үшін, отбасым үшін өте маңызды. Мен оны жеңуге дайынмын», - деп келтіреді Альварестің сөзін Matchroom Boxing.

2022 жылы мамырда Бивол Альваресті төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Тегтер: