Канье Уэст Алматыда жеке концертін береді

Америкалық рэпер Канье Уэст 14 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өнер көрсетеді.

wikimedia

Астана, NEGE. Бұл жөнінде концертті ұйымдастырушы First Media Group компаниясы хабарлады. 

Бұл ақпаратты YEEZY жобалары мен музыкалық менеджмент бағытында Канье Уэстпен жұмыс істейтін менеджер Джозеф Карре де растады. Ол Instagram парақшасындағы сторисінде Алматыдағы концерттің аңдатпасын жариялады.

Билет сатылымы 20 шілде күні сағат 12:00-де Freedom Ticketon платформасында басталады.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, бұл Орталық Азия тарихындағы ең ауқымды музыкалық шоу болмақ.

Айта кетерлігі, бұл рэпердің Қазақстанға алғашқы сапары емес. 2013 жылы ол Алматыда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаевтың тойында өнер көрсеткен. БАҚ мәліметінше, Royal Tulip қонақүйінде өткен жабық кеште хит әндерін орындағаны үшін ол 3 млн доллар алған.