Қанды қырғын жасаған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда жедел-іздестіру шаралары кезінде үш адамды пышақтап, жарақат салған 30 жастағы астаналық тұрғын ұсталд

ы, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE.  «Танысына үйіне барып, арақ ішіп отырғанда оған үй иесінің кішкентай ұлымен сөйлескен мәнері ұнамай қалған. Бала тәрбиесі бойынша өзара дауласқан екеуінің бірі ас үй пышағын алып, екіншісіне үш рет сілтеген», - дейді полициядағылар.

Пәтерден жүгіріп шыққан ол баспалдақтағы алаңда үй иесінің көршісіне соғылып қалады, қылмыс орнынан тез ізін суытқысы келген ол оның қарнына да пышақ сұғып, осы кезде шуды естіп, сыртқа шыққан оның әйелінің де қолын пышақпен жарақаттайды.

- Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері ауыр қылмысқа қатысты күдіктінің қашып кетуіне жол бермей, оны 15 минут ішінде қамауға алды, – деп атап өтті елордалық ПД.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабы, "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның бұрын осындай қылмыс бойынша сотталғаны анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды