Қанды қаңтар: абақтыда отырған ҰҚК департаментінің бұрынғы басшысы аштық жариялады
ҰҚК-нің 5-ші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақовтың жұбайы күйеуінің жағдайы ауыр екенін, 40 күннен бері түрмеде аштық жариялап жатқанын айтты, деп хабарлайды orda.kz.
Алматы, NEGE. Руслан Ысқақов – ҰҚК-нің 5-ші департаментінің бұрынғы басшысы. Бұл құрылым қарсы барлау мәліметтерімен құқық қорғау органдарын қамтамасыз етеді. Яғни, бұл – еліміздегі құқық қорғау құрылымдарын бақылайтын таңдаулы бөлім деген сөз.
Қазір оның аты-жөнін бірнеше қылмыстық істе кездестіруге болады. Соның ішінде «Жабайы Арман» деп лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қолдаушысы болды деген күдік те бар.