Қандай медициналық маска пайдалы?

Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова коронавирустан қандай маскалар жақсы қорғайтынын айтты.

Алматы, NEGE. «Адамдар қолданып жүрген масканың бірнеше түрі бар. Біреуі өз бетінше тігеді, басқасы дәріханадан сатып алады. Зауытта жасалған маскалар үш қабатты және олар тығыздалған, сондықтан вирустардан жақсы қорғайды. Ал үй маскасының әсері матасына байланысты.

Бірақ ең бастысы – масканы тағу және жиі ауыстыру. Әр үш сағат сайын ауыстыру керек, масканы шешіп, қалтаға салып, содан кейін қайта тағуға болмайды. Шешіп тастасаңыз, жаңасын киіңіз», – деді дәрігер.

Ол, сондай-ақ, медициналық маскаларды кәдеге жарату ережелері туралы еске салды. Айтуынша, оларды қоқыс жәшігіне немесе контейнерге тастауға болмайды, пластикалық қаптарға салу керек.

Қазір оқып жатыр

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор