Қанатбек Жайсаңбаев Халық Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Президенттің жарлығымен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Ол 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылорда филиалында оқытушы болып бастаған.

Әр жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Кейін Президенттің көмекшісі, Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.