Қанат Таймерденов жаңа лауазымға тағайындалды

Ішкі істер министрлігі Қанат Таймерденов ведомствоның орталық аппаратында қандай қызметте екенін айтты.

Алматы, NEGE. "Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Таймерденов Қанат Даниярұлы Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болып тағайындалды", – делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында. 

Таймерденов бұған дейін Алматы Полиция департаментін басқарған болатын.