Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Сенат отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясын сайлау және қызметінен босату туралы мәселе қаралды. Отырысқа қатысушылар Денис Шиптің басқа қызметке ауысуына байланысты оны Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мәселені бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Сергейұлы Мусин Жоғарғы соттың судьясы болып бірауыздан сайланды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті