Қанат Мусин қателесті: «Respublica» партиясы тіркелмеген болып шықты
Қанат Мусин өз аузымен айтқан ақпаратты ведомстваның баспасөз қызметі теріске шығарды.
Алматы, NEGE. «Қазіргі таңда министрлік саяси партияны тіркеу жөніндегі ұйымдастыру комитетінен құжаттардың түсуін күтіп отыр. 2022 жылғы 24 қарашада «Respublica» саяси партиясын құру ниеті туралы хабарламаның келіп түскені туралы растау ғана берілген. 2022 жылғы 3 желтоқсанда «Respublica» саяси партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті Құрылтай съезін өткізді, тіркеуге құжаттар келіп түседі деп күтеміз. Әділет министрлігі БАҚ өкілдерінен нақтыланбаған ақпарат үшін кешірім сұрайды. Мұндай жағдайлардың алдын алу шаралары қабылданды», – делінген хабарламада.