Қанат Исламның келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның (28-1, 22 KO) келесі жекпе-жегі өтетін орын мен уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Боксшының командасына жақын мәлімет көзінің ақпаратынша, Қанат рингке қыркүйекте АҚШ жерінде шығады. Бұл қазақ боксшының 26 ақпан Плант-Ситите өткен бокс кешінде карьерасында алғаш жеңілгеннен кейінгі бірінші айқас болады. Ол кезде Қанат WBO Global титулы үшін кездесуде британиялық Джимми Келлиге (26-2, 10 КО) төрешілер шешімімен (95-95, 96-94, 97-93) есе жіберген.

Қазіргі таңда қазақстандық Окснардта (Калифорния) бұрынғы бапкері Роджер Романың қол астында жаттығып жатыр. 

Ислам қазіргі кезде барлық негізгі ұйымның: WBC, WBA, IBF және WBO рейтингтерінің топ-15 тізімінен шығып қалған.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды