Қанат Ислам титулынан айырылды

Еш жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO титулынан айырылды.

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік бокс ұйымының мұндай шешім қабылдауына қазақстандықтың белсенділігінің төмендігі және титулды қорғай алмауы себеп болған. 2019 жылы Уолтер Каутондоквамен (18-2, 17 КО) болған айқаста белбеуді жеңіп алғаннан кейін Қанат бір ғана жекпе-жек өткізді.

Енді орта дивизиондағы WBO International белбеуі BoxRec.com сайтында бос орын ретінде көрсетілген және оның жаңа иесі 15 қаңтарда ресейлік Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) басқа қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың жекпе-жегінде анықтау жоспарлануда. Бұл айқас Ақтауда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр