Қанат Ислам күтпеген қарсыласпен жекпе-жекке шығады

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) Майамидегі (АҚШ) жекпе-жегі қарсаңында қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE.  Boxrec.com сайтының мәліметі бойынша Ислам эквадорлық Джейсон Миндамен (14-3-1, 8 КО) кездеседі. Орта салмақтағы айқас 10 раундқа жоспарланған.

Еске сала кетейік, бастапқыда 36 жастағы қазақстандық боксшы ганалық спортшы Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жекпе-жек өткізуі керек еді.

Соңғы рет Қанат Ислам рингке 2019 жылдың қазан айында шыққан болатын, ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен намибиялық Уолтер Каутондоквуды (18-2, 17 КО) жетіп, орта салмақта WBO International чемпионы титулын сәтті қорғаған еді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?