Қанат Ислам чемпиондық титулынан айырылды

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) енді орта салмақтағы «WBO International» белбеуінің иесі емес.

Алматы, NEGE. BoxRec.com сайтының хабарлауынша, белбеу қазір бос. Қанат Ислам 2019 жылдың қазан айында Алматыда намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңген соң «WBO International» титулына ие болған болатын.

Содан кейін Қанат бір ғана жекпе-жек өткізді. Атап айтқанда, биылғы жылдың ақпан айында Майамиде эквадорлық Джейсон Минданы (14-5-1, 8 КО) нокаутқа түсірді. Бірақ бұл жекпе-жекте Дүниежүзілік бокс ұйымының тұжырымы бойынша «халықаралық» титул бәске тігілген жоқ.

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 21 қаңтарда АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында өткізеді деп күтілуде. Қарсыластың есімі кейінірек белгілі болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр