Қанат Ислам Америкадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

«Қазақ» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) Америка Құрама Штаттарында өтетін кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Алматы, NEGE. Аргентина боксшысы Хавьер Франсиско Масьельмен (34-17, 23 КО) жұдырық түйістіру алдында қазақстандық боксшы орта салмақ дәрежесінде қалды.

Жекпе-жек АҚШ уақытымен 7 қазанда (Астана уақытымен 8 қазан – авт.) Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтеді. Айта кетсек, Қанат Исламның осы аталған жекпе-жегі алдында қарсыласы ауысып кеткен болатын.

Қ.Ислам соңғы жекпе-жегін британдық боксшы Джимми Келлиге (26-3, 10 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің екіге бөлінген шешімімег жеңіліп қалған еді.  

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды