Қанат Ислам Америкада өтетін жекпе-жегіне дайындықты бастады

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келесі кездесуіне дайындығын бастады, деп хабарлады Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Қанат Исламның шаршы алаңға шықпағанына бір жылдай уақыт болды. Ол соңғы кездесуін өткен жылдың 26 қазанында Алматы қаласында өткізіп, намибиялық Уолтер Каутондакваны төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Бұл кездесуде отандасымыз WBO International белбеуін ұтып алған еді.  BoxRec ақпараты бойынша, Ислам келесі кездесуін 16 қазан күні Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өткізеді. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталған жоқ.  Бұл кездесуге боксшы Нельсон Лопес атты менеджермен бірге дайындалады. Өткен жылы ол 2017 жылы The Ring тұжырымы бойынша үздік менеджер атанған Эгис Климаспен келісімшартын бұзған болатын. 

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды