Қанат Ислам 20 ақпанда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0-1, 21 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлады Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Boxingscene.com мәліметінше, Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 20 ақпанда Майамиде (Флорида штаты) өткізеді. 10 раундтық кездесуде ол ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасады.

Ислам 2019 жылдың қазанынан бері рингке шыққан жоқ. Кейінгі жекпе-жегінде намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңіп, орта салмақта WBO International титулын иеленген еді. 

Ал Ободаи Саи 2019 жылы 9 тамызда соңғы рет рингке шығып, конголық Мардочи Катембомен тең тарқасқан.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды