25 февраля 2022 г. 14:06

Қанат Бозымбаев: Талдықорғанда бір тәулік билік болмады

Фото:

Қаңтар қырғыны кезінде Алматы облысындағы құқық қорғау органдарының басшылары қызметін тастап кетті ме? Бұл сұраққа облыс әкімі Қанат Бозымбаев баспасөз мәслихатында жауап берді. 

Алматы, NEGE. Баспасөз мәслихаты басталған тұста облыс әкімі қаңтар қырғынына ерекше тоқталып өтті. Қанат Алдабергенұлы бір сөзінде «Ішкі істер басқармасы қырғынды тоқтата алмайтынын түсіндім, облыстағы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қару-жарақтарын асынып кетіп бара жатты», – деді.

Nege.kz тілшісі осыны негізге алып «Желіде «құқық қорғау органының басшылары қызмет орнын тастап, қашып кетті» деген қауөсет жүр. Сіз басы-қасында болдыңыз. Сол қаншалықты рас? Егер рас болса сол басшылар қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?» деп арнайы сауал қойды. 

«Күрделі сұрақ. Ол кісілер де біздің әріптесіміз. Бірақ, шындықты айту керек. «Қашып кеті, өйтті-бүйтті» деп айта алмаймын. Әйтеуір, бір тәулік бойы Талдықорғанда билік болған жоқ. Біз жүрдік. Құқық қорғау органдарынан прокурор мен антикор басшылары болды. Олардың жанында 20 адам болған. Байланыста отырдық. Басқа ешкім болмады. Өздеріңіз білесіздер, Алматы облысы ІІБ-ның басшысы мен 5 орынбасары қызметтен босатылды. ҰҚКБ басшысы да кетті. Тиісті істі Бас прокуратура қозғап жатыр, жауапкершілікке тартылады деп ойлаймын», – деді облыс әкімі. 

Тегтер: