Қанат Бозымбаев облыс тұрғындарына алғыс айтты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Алматы, NEGE. Осыған байланысты Қанат Бозымбаев Твиттердегі парақшасында жазба қалдырды.

"Құрметті Алматы және Жетісу облысының тұрғындары! Сіздермен бірге жұмыс істегенімді зор мәртебе санаймын. Баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын. Бірліктеріңіз ажырамасын. Қай жерде, қай қызметте жүрсем де ата-бабамның туған жеріне қолымнан келгенше көмегімді аямаймын", - деп жазды Қанат Бозымбаев.