Қанат Бозымбаев «Қанды қаңтар» кезінде қайда болды?
Қаңтар қырғыны кезінде Алматы облысының әкімі қайда болды? Құқық қорғау органдарының басшылары қызметін тастап кетті ме? Бұл сұраққа облыс әкімі Қанат Бозымыбаев баспасөз мәслихатында жауап берді.
Талдықорған, NEGE. «Қаңтар оқиғасы кезінде халықтың ішінде болдым. Белсенділермен келіссөз жүргізуге тырыстым. Алғашқы күні жиын бейбіт өтті, түнге қарай халық тарады. Келесі күні бұзақылар мемлекеттік мекемелерге кіре бастады», – деген әкім Қаңтар оқиғасын хронология бойынша баяндап берді.