Қанат Құлшыманов Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

gov.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада. 

Қанат Құлшыманов Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ды журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2007 жылы «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастады. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылғы маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Баспасөз қызметінің басшысы болды.

ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы (04.2022-02.2023); ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің басшысы (02.2023-03.2024); ҚР Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (03.2024-11.03.2025); ҚР Президенті Әкімшілігі коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі (11.03.2025 бастап).

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?