Канар аралдарында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Канар аралдарының автономиялық бірлестігіне жұмыс сапарымен барып, Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

   Алматы, NEGE. Қазақстанның аймақтағы өкілдігін Атлантикалық саясат институтының халықаралық сауда және экономика профессоры Рафаэль Хуан Молина Пети басқарады, ол бұған дейін Канар аралдарында Экономика министрлігі мен Индустрия, сауда және туризм министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған.

Рәсімге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мұсаев Корольдіктегі құрметті консулдар институтының географиясын кеңейту Қазақстан-Испания ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететінін, сондай-ақ елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық сипатын растайтынын атап өтті.

Құрметті консул ең алдымен аймақ пен Қазақстан арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Қызметінің басым бағыты Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Испания азаматтары асырап алған қазақстандық балалармен байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті