Канадада тікұшақ мұхитқа құлады

Британдық Колумбия провинциясының батысында Тынық мұхитына тікұшақ құлады, деп хабарлайды CBC телеарнасы.

 Алматы, NEGE. Канадалық көлік қауіпсіздігі кеңесінің мәліметінше, оқиға дүйсенбі күні Джорджия бұғазындағы Сешельт елді мекенінен солтүстікке қарай 40 шақырым жерде орын алған. Жүктерді тасымалдауға арналған Kaman K-MAX тікұшағында тек ұшқыш болды. Оның іздестіру жұмыстары жалғасуда. Тікұшақтың құлау себептері туралы әзірге мәліметтер жоқ.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды