Канадада коронавирустың екінші толқыны басталды
Бұл туралы ел премьер-министрі хабарлады. Оның айтуынша, қазір қауіпті вирус Канаданың ең ірі 4 провинциясында таралып жатыр екен.
Алматы, NEGE. Соңғы күндері елдегі коронавирус жұқтыру деректері артып, бір күндік көрсеткіш бір мың адамнан асқан. Осыған байланысты үкімет басшысы қажетті шаралар қабылдап, тұрғындарға мейлінше қолдау көрсетуге уәде берді. Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін Канадада 150 мыңға жуық адамнан қауіпті инфекция табылды. 9 мыңдай кісі қайтыс болды.