Канадада фестиваль уақытында көлік бір топ адамды басып кетті

26 сәуірде кешке Ванкувер қаласында өткен Лапу Лапу фестивалі кезінде автокөлік көпшіліктің ортасына кіріп, бірнеше адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды BBC.

Reuters

Алматы, NEGE. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00 шамасында Шығыс 41-ші авеню мен Фрейзер көшелерінің қиылысында болған. 30 жастағы ер адам жүргізген қара түсті Audi көлігі адамдардың үстіне жүріп кеткен. Жүргізуші оқиға орнында ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталуда.​

Фестиваль кезінде мыңдаған адам жиналған болатын. Куәгерлердің айтуынша, көлік жылдамдықты асырып, адамдардың үстіне жүріп кеткен. Оқиға орнында денелер мен жарақат алған адамдар жатты. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады

Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады