Қамшыбек Қоңқабаевқа Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды

Бокстан ерлер арасында аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне медальдар табысталды.

Алматы, NEGE. 91 келіден жоғары салмақта Қазақстан құрамасының мүшесі Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлдеге ие болды. Баходир Жалолов (Өзбекстан) Олимпиада чемпионы атанса, АҚШ спортшысы Ричард Торрез екінші орынды қанағат тұтты. Дәл осы салмақ бойынша екінші қола жүлдені Ұлыбритания боксшысы Фрейзер Кларк иеленді.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады