Кәмшат Жолдыбаева өзінен кіші жігітке ұзатылды

Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның ұзатылу сәтінен видеолар тараған болатын.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлының кездесіп жүргені жайлы қауесет тараған болатын.

Әнші Камшат Жолдыбаева актер Ғазрет Қажмұхановқа ұзатылды. Ғазрет – Ақтөбенің тумасы.

Кәмшаттың анасы қызына сәукеле кигізіп, ақ батасын беріп ұзатып салды.

“Қызым ұзатылып, қадам басып, ұясынан ұшқалы тұр. Көрші Ақтөбе облысы, үлкен рулы ел Әлім ауылына келін болды. Бірінші Аллама, екінші күйеу балам Ғазретке аманат. Бір-біріңді сыйлай біліңдер. Өмірде қол ұстасып өтіңдер. Біз құда-құдағи болып сендердің тойларыңда жүрейік. Бақытты болыңдар”, – деген анасы тіл-көзден аман болсын деген ниетпен Кәмшаттың мойнына тұмар тақты. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?