2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды

Еркін кұрестен Қазақстан құрамасының өкілі Камиль Куруглиев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды.

UWW

Алматы, NEGE. Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті.

Камиль бұл кезеңде ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпеймен күресіп, қарсыласына есе жіберді. Кездесу 0:4 есебімен аяқталды.

Бұл салмақта америкалық Трент Хидлэй жеңіске жетті. Күміс медальді ресейлік Аманула Гаджимагомедов алды. Ал қола жүлденің екінші иегері әзірбайжандық Осман Нурмагомедов болды.