Кәмелетке толмаған бала көлік айдап ұсталды

10 наурыз Нокин көшесіндегі патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін Ваз 2114 автокөлігін тоқтатты.

 

Алматы, NEGE. Оны көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 17 жастағы жасөспірім басқарған. Кәмелетке толмаған баланың бір жыл ішінде үшінші рет құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.