«Камчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырды» – Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды

Қырғызстанда Камчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырды деген күдікпен қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды.

Қырғыз құқық қорғау органдары

Алматы, NEGE. Қырғыз құқық қорғау органдарының мәліметінше, «Симирам» демалыс орталығының иесі, кәсіпкер Ясынжан Таиров Қырғызстандағы бірлескен бизнес жобаларын жүргізу үшін Көлбаевпен байланыс орнатқан.

Атап айтқанда, қазақстандық азамат оған 200 мың доллар берген. Демалыс орталығының иесі Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне коттедждер мен бөлмелер ұсынып отырған.

Сонымен қатар Таиров Көлбаев ұйымдастырған мерекелік кештерде оған қымбат сыйлықтар тарту еткен. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін