Камчаткада 5,2 магнитудалы жер сілкінісі болды

Камчатка аумағында магнитудасы 5,2 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады ТАСС.  

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Камчаткадағы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің филиалының мәліметінше, жерасты дүмпуі Петропавловск-Камчатский қаласынан 213 шақырым қашықтықта орналасқан. Зілзаланың эпицентрі 47,4 шақырым тереңдікте болған.

Сондай-ақ соңғы бір сағат ішінде Камчатка аумағында тағы үш жер сілкінісі тіркелді: олардың магнитудасы 5,1, 4,0 және 4,3 шамасында. Бұл дүмпулер Петропавловск-Камчатскийден тиісінше 485, 182 және 166 шақырым қашықтықта болған.