Камала Харрис Демократиялық партияның атынан ресми түрде АҚШ президенттігіне кандидат ретінде бекітілді

Өткен түнде АҚШ-та Демократиялық партияның кандидаты үшін ресми дауыс беру өтті. Камала Харрис президенттікке ресми кандидат болып бекітілді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Чикагода өткен съезде Демократиялық партияның делегаттары АҚШ вице-президенті Камала Харристі алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде мақұлдау үшін дауыс берді.

Харрис рәсімге бейнебайланыс арқылы қатысты. Ол Демократиялық партияның кандидаты болу мүмкіндігін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Дауыс беру United Center жабық спорт аренасында өтті.

Қазіргі президенттің туған штаты Делавэр штаты бірінші болып дауыс берді. Байден Харристің кандидатурасын қолдайтынын білдірді. 

Харристі АҚШ Демократиялық партиясының съезінде 4566 делегат қолдады. АҚШ президенттігіне ресми кандидат болу үшін оған 1976 делегаттың дауысын жинау керек болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр