Қалың тұманнан елуден астам көлік соқтығысты

Грекияның солтүстігіндегі Эгнатия Одос автожолында қою тұман салдарынан 50-ден астам көлік соқтығысып, кемінде үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ERT-1 телеарнасы.

Алматы,  NEGE.  Алдымен бес көлік соқтығысқан. Артынша олардың саны 50-ден асты. Кем дегенде үш адам көліктерінен шыға алмай қалған, бәрі де жарақаттанған. Оларды босату үшін оқиға болған жерге өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жіберілді.

Қазіргі уақытта тасжолдың Верия қаласынан Козаниге дейінгі бөлігі жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылды.

Қазір оқып жатыр

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?