Калифорнияда шерифтің екі орынбасарын атып кетті

Сенбі күні Лос-Анджелес округі аумағында болған атыс кезінде шерифтің екі орынбасары оқ жарақатын алды.

Бұл туралы шериф кеңсесі Twitter-дегі жазбасында хабарлаған, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Шерифіміздің екі орынбасары Комптонда (Лос-Анджелес округіндегі қала, Калифорния) оқтан жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілді. Екеуінің де жағдайы ауыр, өмір үшін күресіп жатыр», – делінген хабарламада. Кеңсенің хабарлауынша, зардап шеккендер торуылдан шабуыл жасаған кезде патрульдік көлікте отырған. Шерифтің екі орынбасарының да жағдайы ауыр, оларға операция қажет болды. Патрульдік көлікке шабуыл жасағандар әлі анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты