Калифорнияда орман өрті өршіп тұр
АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті әлі жалғасуда.
Алматы, NEGE. Лаулаған жалын 1 жарым милион гектардан астам жерді күлге айналдырған. Табиғи апаттан 32 адам қаза тапты. 600-ден астам үй мен ғимаарт жанып, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды. Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресуде. Соңғы күндері кей аудандарда желдің соғуы басылып, жалынды сөндіру біршама жеңілдеген. Билік бұл штат тарихындағы ең ірі орман өрті екенін айтады. Мамандар оған климаттың жылынуы себеп деген пікірде.