15 августа 2022 г. 15:35
Қалалық соттың әкімшілік ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны жалған ақпарат болып шықты
Алматыдағы қалалық соттың әкімшілік ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты.
Алматы, NEGE. Нысанды шолып шыққан саперлар күдікті ештеңе таппаған. Осыдан бірер сағат бұрын полицияға сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын ақпарат түскен еді. Аталған мекен жайға қаланың жедел қызметтері жіберіліп, ғимарат қоршауға алынды.
Қалалық соттың қызметкерлері мен келушілер эвакуацияланды. Енді полицейлер жалған хабарлама жасаған тұлғаны анықтауға кірісті.