Қала әкімінің бірінші орынбасары жастармен кездесті

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Қаратау аудандық жастар орталығында қала жастарымен еркін форматта кездесіп, сұхбат құрды.

Шымкент, NEGE. Іс-шара қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен өтті.

Кездесу барысында Шыңғыс Жұмабекұлы орталықтың жұмыс барысымен танысып, қала жастарының өзекті мәселелері мен қызығушылықтары жайында еркін форматта сұхбат жүргізді.

Іс-шараға әр саланың белсенді үздіктері, қаламызға белгілі жас кәсіпкер, жас режиссер, мұғалім, композитор, дизайнер, қолөнерші, биші, жас ақын, жас суретші, еріктілер, пікірсайысшылар, жалпы 20-ға жуық талантты жастар қатысып, белсенділік танытты.

Кездесу барысында қала әкімінің бірінші орынбасары жеке өмірінен қызықты сәттермен бөлісіп, еңбек тәжірибесін айтып берді. Бүгінгі жастардың қызығушылықтары жайында пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.

Еркін форматтағы мұндай жүздесулер аудандық жастар орталықтарында тұрақты түрде өтетін болады.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты